(БҰРЫНҒЫ РЕДАКЦИЯ) ҚР ҮКІМЕТІНІҢ 2012.12.10 № 1294 ҚАУЛЫСЫМЕН БЕКІТІЛГЕН

Осы редакция 2013 жылғы 30 сәуірде енгізілген өзгерістеріне дейін қолданылды

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы 12 қазандағы

№ 1294 қаулысымен

бекітілген

 

 

«Дәрігерді үйге шақыру»
мемлекеттік қызмет стандарты


1. Жалпы ережелер

 

«Дәрігерді үйге шақырту»  электрондық мемлекеттік қызметінің регламентін қараңыз

 

1. Осы «Дәрігерді үйге шақыру» мемлекеттік қызмет стандарты (бұдан әрі - мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі шеңберінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін ұйымдардың (бұдан әрі - уәкілетті ұйым) электрондық форматтағы www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы дәрігерді (учаскелік терапевт/учаскелік педиатр/жалпы практикалық дәрігер) үйге шақыру қызметін ұсынуды регламенттейді.

Мемлекеттік қызмет сондай-ақ жеке тұлға немесе оның өкілі уәкілетті ұйымға тікелей жүгінген кезде немесе телефон байланысы арқылы көрсетіледі, ол уәкілетті ұйымның тіркеу журналында тіркеледі.

2. Жұмыс кестесі:

1) уәкілетті ұйым - күн сайын дүйсенбіден жұма аралығында үзіліссіз, сағат 8.00-ден бастап 20.00-ге дейін, сенбі күні сағат 9.00-ден 14.00-ге дейін, демалыс күндері: жексенбі және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңына сәйкес мереке күндері;

2) портал - тәулік бойы.

3. Электрондық форматтағы мемлекеттік қызмет нысаны толық автоматтандырылған болып табылады.

Электрондық емес форматтағы мемлекеттік қызмет нысаны - автоматтандырылмаған.

4. Мемлекеттік қызмет «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің және «Бастапқы медициналық-санитариялық көмек көрсету қағидаларын және Азаматтарды бастапқы медициналық-санитариялық көмек ұйымдарына бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 қарашадағы № 1263 қаулысының негізінде ұсынылады.

5. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.